Әлемнің көптеген елдеріндегі қазіргі экономикалық дамудың ең өткір мәселелерінің бірі – қоғамның барлық салаларына кері әсерін тигізетін инфляция. Ол еңбек нәтижелерін құнсыздандырады, заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын жояды, ұзақ мерзімді инвестиция мен экономикалық өсуді тежейді. Жоғары инфляция ақша-несие жүйесін бұзады, ұлттық капиталдың шетелге қашуын қоздырады, ұлттық валютаны әлсіретеді, оның шетел валютасының ішкі айналымына ығысуына ықпал етеді, мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мүмкіндіктерін бұзады.
Түйін сөздер: экономика, инфляция, ақша-несие саясаты, баға тұрақтылығы, монополия, бәсеке, инфляцияға қарсы саясат, ҚР Ұлттық банкі, құнсыздану, ұлттық валюта.
Инфляцияның мәні ақша құнының құлдырауы, ақша массасы мен оның тауармен қамтылуы арасындағы теңгерімсіздік немесе тауар массасының сәйкес өсуімен қамтамасыз етілмейтін айналым арналарының артық қағаз ақшамен толып кетуі. Ендігі кезекте https://stat.gov.kz/ ұлттық сайтынан алынған көрсеткіштер бойынша корреляциялық талдау жасалынды.